Қазақстандық футболшы қыз жол апатынан қаза тапты

Сурет: Instagram/kff_aielder_ligasy
"Жеңіс" футбол құрамасының 19 жасар ойыншысы Виктория Кайсаринова Астана – Павлодар тас жолындағы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Осы жағдай жүк көлігімен соқтығысуға әкелді.

"Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады",- деп жазды құраманың баспасөз қызметі.

Анықталғандай, Виктория биылғы маусымда 17 ойынға қатысқан, оның 14-інде негізгі құрамда алаңға шыққан.

Бұған дейін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері толық сатылып кеткенін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады