Астанада семсерлесуден "Мықтылар турнирі" өтеді

Сурет: olympic.kz
11-12 қазан аралығында Астанада семсерлесуден "Мықтылар турнирі" атты халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.

Қазақстанның әр өңірінен семсерлесу спортының үздік өкілдері, сондай-ақ ұлттық чемпиондар мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, шетелдік спортшылар да арнайы шақырту алған.

Турнир Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өтеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты