Даниил Медведев спорттық жолында 40-финалына шықты

Сурет: ktf.kz
2021 жылғы АҚШ чемпионы, әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жартылай финалда әлемдік рейтингіде 138-орында тұрған аустралиялық Джеймс Даквортты ұтты - 6:7 (8:10), 6:3, 6:2.

"Бүгін менің де, қарсыласымның ойын деңгейі өте жоғары деңгейде болды. Тай-брейкте жақсырақ ойнай алар едім, бірақ солай болады. Бәсеке барысында екі тараптан да тартысты сәттер көп болды, сондықтан матчта жеңіске жеткеніме қуаныштымын", - деді Медведев кортта берген сұхбатында.

Осылайша, ресейлік теннисші Алматыда спорттық жолында ATP турнирлеріндегі 40-финалына өтті.

Бұл жөнінен ол қазіргі кезде өнер көрсетіп жүрген теннисшілер арасынан сербиялық Новак Джоковичтен (143) кейін екінші орын алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады