Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Жапониядағы Гран-при кезеңінде екінші орын алды

Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сайыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті.

Самоделкина төрешілердің шешімімен 67,75 ұпай алып, аралық есепте екінші орынға жайғасты.

Атақты жапониялық Каори Сакамото көш бастады - 77,05 ұпай. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ю Ян 67,66 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды