Сенсация! Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

Сурет: ktf.kz
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) 2025 жылғы WTA маусымының қорытынды турнирінің финалдық матчы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші ойында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңді.

Осы жеңісінің арқасында Елена рейтингте 1 500 ұпай жинап, әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық жүлде – 5, 235 миллион АҚШ долларын иеленді. Ал дүйсенбі, 10 қарашада жаңартылған әлемдік рейтингте ол бесінші орынға көтеріледі.

1972 жылы турнир алғаш ұйымдастырылғаннан бері Рыбакина WTA маусымдық қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Азия елінен шыққан тұңғыш теннисші атанды. Бұған дейін қытайлық Ли На (2013) мен Чжэн Циньвэнь (2024) тек финалға дейін жеткен еді.

Сондай-ақ қазақстандық спортшы 2016 жылдан бері маусым ішінде 500-ден астам эйс жасаған алғашқы теннисші болды. Бұл көрсеткішке кейінгі рет Каролина Плишкова қол жеткізген. Бұдан бөлек, Елена биылғы маусымда әлемнің топ-10 ойыншыларына қарсы жеті матч қатарынан жеңіспен аяқтаған жалғыз теннисші атанды.

Қазір Рыбакина өзінің кәсіби мансабында жалпы 11 WTA титулын (оның ішінде екі WTA 1000 және бір "Үлкен дулыға" — Уимблдон жеңісі бар) иеленіп отыр. Осылайша, ол жекелей сында мұндай жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді