Месси дубль жасап, "Интер Майамиды" алғаш рет МЛС плей-офф кезеңінің 1/4 финалына шығарды

Сурет: Instagram/InterMiamiCF
9 қарашада таңертең капитаны Лионель Месси болып табылатын америкалық "Интер Майами" футбол клубы тарихта алғаш рет МЛС-тың плей-офф кезеңінің 1/4 финалына шықты. Бұл ойында аргентиналық шешуші рөл атқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір ойнатылып жатқан МЛС Кубогының бірінші раундында "Интер Майами" өз алаңында Нэшвиллді 4:0 есебімен жеңіп, үш кездесу (2-1) қорытындысы бойынша турнирдің 1/4 финалына жолдама алды.

Әдеттегідей, команда капитаны Лионель Месси тамаша өнер көрсетіп, қатарынан бес матч бойы қарсыластар қақпасына гол соға білді. 38 жастағы аргентиналық "Нэшвиллмен" болған матчта дубль жасап, голға айналған ассистті тіркеді. Нәтижелі бұл пас Мессидің өз мансабындағы 400-ші болды.

Енді "Интер Майами" MЛС Кубогының 1/4 финалында 22 немесе 23 қарашада, сырт алаңда "Цинциннатимен" кездеседі. Мұндағы жеңімпаз плей-оффтың 1/2 финалында "Филадельфия Юнион" немесе "Нью-Йорк Ситимен" кездесетін болады. 

22 қазанда Месси бір маусымда үшінші рет МЛС-тағы айдың үздік ойыншысы атанды.

АҚШ
Месси Лионель

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды