Головкин I дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталуына қатысты пікір білдірді

Сурет: akorda.kz
World Boxing президенті Геннадий Головкин еліміздегі жоғары мемлекеттік награда – I дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, бүгін, 25 қарашада Мемлекет басшысы отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын.

"Бүгін мен жоғары мемлекеттік награда – I дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталдым. Бұл мен үшін зор құрмет. Мен әрдайым әуесқой бокста да, кәсіпқой рингте де Қазақстан атынан шығып келдім. Осы жолда елімнің намысын лайықты қорғадым.⠀Еңбегімді жоғары бағалап, сенім артқаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамын.⠀Барлық қазақстандыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер өмірімнің әр кезеңінде қасымда болдыңыздар. Қолдауларыңыз маған әрдайым күш беріп, жаңа жеңістерге жігерлендірді.⠀Қазір World Boxing ұйымын басқара отырып, әлемдік бокстың дамуына үлес қосу үшін жұмысты жалғастырудамын", деп жазды Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін халықаралық бокс федерациясы - World Boxing 2025 жылдың 23 қарашасында Рим қаласында өтетін Конгресс отырысында қазан айында түскен барлық өтінішті қарап, комиссия оң қорытынды берген үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат еткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Геннадий Головкин World Boxing президенті болды.

Қазақстан
Головкин Геннадий
Қазақстан таланттары

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды