Қанат Исламның Алматыдағы жекпе-жегі өтпейтін болды

Сурет: Instagram.com/islamkanatqazaq
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің уақыты кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 27 желтоқсанға жоспарланған бокс кеші бірқатар ұйымдастырушылық себептерге, соның ішінде қарсыласқа қатысты мәселелерге байланысты кейінге шегерілген.

"Құрметті жанкүйерлерім, 27 желтоқсан күні Алматыда өтуі тиіс бокс кешінде мен шаршы алаңға шықпаймын. Бұған бірнеше себеп бар, оның ішінде қарсыластарға қатысты түйткілдер туындады. Егер бәрі ойдағыдай шешілсе, жекпе-жек шамамен 1,5 айға кейінге қалады. Нақты күні белгілі болғанда міндетті түрде хабарлаймыз", деп жазды желіде Қанат Ислам.

Бұған дейін World Boxing "Жылдың үздік боксшысы" атағынан үміткерлер тізіміне екі қазақстандық боксшыны қосқанын жазғанбыз.

Алматы
Ислам Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы