"Қайрат" құрамасы көшбасшысыз қалуы мүмкін

Сурет: Instagram/gromyko_valera
"Қайрат" клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко Түркияның "Газиантеп" клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Legalbet сайтының мәліметінше, спортшы түркиялық команданың бас бапкері Бурак Йылмазбен алдын ала әңгімелесіп үлгерген.

"Газиантеп" алматылықтардың 20 қаңтарда өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Брюггеге" қарсы ойынынан кейін Громыконың трансфері бойынша "Қайратпен" келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.


Валерий Громыко "Қайрат" сапында 2024 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. 2025/26 маусымында жартылай қорғаушы 41 матч өткізіп, 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы 28 жастағы беларусь футболшысының нарықтық құнын 1,5 миллион еуро деп бағалайды.

"Қайрат" құрамында Громыко Қазақстан чемпионы атағын екі рет жеңіп алып, сондай-ақ ел Суперкубогын иеленді.

Бұған дейін беларусь спортшысы өз елінде БАТЭ, Солигорскінің "Шахтері", "Минск" клубтарында ойнаған. Сондай-ақ ол Қазақстанның "Қайсар", Ресейдің Тула қаласындағы "Арсенал" және Мәскеудің "Торпедо" командаларында да доп тепкен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз