Қазақстандық боксшы өзбекстандық олимпиада чемпионына не себепті жол бергенін айтты

Сурет: Instagram/ertugan_zeinulinov
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов ұзақ үзілістен кейін өзбекстандық Асадхужа Муйдинхожаевқа қарсы өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегінше, спортшылар Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатының ширек финалында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездескен.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхожаевтың жеңісімен аяқталған.

Алайда қазақстандық жанкүйерлер төрешілердің шешіміне таңғалған. Олардың пікірінше, жекпе-жекте толықтай қазақстандық боксшы басымдық танытқан.

"Төрешілер Асадхужаның Олимпиада чемпионы ретіндегі мәртебесіне шамадан тыс мән бергендей әсер қалдырды. Бірінші раундтан бастап бар күшімді салдым, бірақ есеп 4:1 болып тіркелді. Екінші раундта да менің дәл соққыларыма қарамастан, төрешілер жеңісті қарсыласқа 5:0 есебімен берді. Бұл раундта соққылар соншалықты ауыр болды, тіпті нокаутқа дейін жетуі мүмкін еді – Асадхужа әбден "теңселіп" қалды, бірақ жекпе-жек тоқтатылған жоқ. Үшінші раундта да осы жағдай қайталанды. Оның үстіне, қарсыласымның лас әдістер қолданған сәттері болды, сол үшін ұпай шегерілуі керек еді. Төрешілер бәрін көріп тұрса да, ескерту де жасаған жоқ. Егер ұпай алынғанда, жекпе-жектің нәтижесі мүлде басқаша болар еді. Төрешілер үшін Асадхужа Олимпиада чемпионы болып қала берді, сондықтан басқа шешім болуы мүмкін емес сияқты. Біз қарсыласқа емес, төрешілерге жол бердік", – деді қазақстандық боксшы.

Бұған дейін алматылық қанша спортшы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды