Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан IIA дивизионындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз Түркия құрамасын жеңді. Кездесудің шамамен ортасына дейін командалар есеп аша алмады. Алайда екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсыластың қақпасына үш шайба соқты.

Ойынның 34-минутында Қазақстан құрамасының қақпасына буллит белгіленіп, айдын иелері оны сәтті пайдаланды. Ал үшінші кезеңде қазақстандықтар тағы екі шайба салып, матчты 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия мен Латвияны жеңген болатын. Келесі ойында қазақстандық хоккейшілер Нидерланд құрамасына қарсы мұз айдынына шығады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты