Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі

Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысын әйелдер арасында 10 шақырымға еркін стильде жеке уақыт бойынша сайыс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сында Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко бақ сынады.

Нәтижесінде Надежда Степашкина 63-орынға (26:42.6), Ксения Шалыгина 71-орынға (27:19.9), Дарья Ряжко 75-орынға (27:42.6), ал Анна Мельник 81-орынға (28:28.7) тұрақтады.

Швециялық Фрида Карлссон Олимпиада чемпионы атанды – 22:49.2. Бұған дейін ол скиатлонда да алтын медаль жеңіп алған еді. Оның отандасы Эбба Андерссон екінші болып мәре сызығын кесті – 23:35.8. Үздік үштікті АҚШ спортшысы Джессика Диггинс түйіндеді – 23:38.9.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды