Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алып, тарихи жетістікке жетті

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Отандық конькимен жүгіру спортының тарихына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 3 000 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Бұл – Шумекованың Инцелльдегі төртінші жүлдесі. Ол 4:03.99 уақыт көрсеткішін тіркеді.

Сонымен қатар конькимен жүгіруші тарихи жетістікке қол жеткізді. Шумекова көпсайыстың кіші түрінде (жекелей қашықтықтардың жиынтығы бойынша) бірінші орын алды. Осылайша, ол ел тарихында бұл белесті бағындырған тұңғыш қазақстандық атанды.

Қорытынды есепте ол 156.001 ұпай жинады. Аустриялық Джанин Роснер көпсайыста 157.364 ұпаймен екінші орын алды. Ал нидерландтық Ясмайн Венхейс 160.928 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін