Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігі аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары басталды.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Австриялық Штефан Эмбахер 296,5 ұпай еншілеп, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді польшалық Кацпер Томасяк (287,3) иеленсе, америкалық Джейсон Колби 276 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық Артем Мешков жарысты 22-орында аяқтады. Ал Даниил Калинкин алғашқы секіру қорытындысы бойынша 42-орын алып, финалдық кезеңге өте алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы