Қазақстандық төрт дзюдошы Аустриядағы Гран-приде қола медаль үшін күреседі

Сурет: olympic.kz
Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы жарыс күні төрт отандасымыз финалдық кезеңге жолдама алды.

Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Дильшот Халматовқа есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ол тағы бір қазақстандық балуан Аман Бақытжанмен үшінші орын үшін таласады.

66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда бразилиялық Рональд Лимаға жол берді. Осылайша отандасымыз қола медаль үшін өтетін белдесуде испаниялық Адриан Чинарромен кездеседі.

48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова ширек финалда Вера Вандельге (Нидерланд) есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде отандасымыз Мэри Ди Варгасты (Чили) жеңді. Осылайша Әбиба нидерландтық дзюдошы Амбер Гершеспен қола жүлдені сарапқа салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады