Гимнаст Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің екі дүркін жеңімпазы атанды

Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.

Финалда Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үздік үштікті Анхель Барахас (Колумбия) түйіндеді - 14.400 ұпай.

Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.

Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда ат снарядындағы жаттығулар бойынша ақтық бәсеке өтті. Бұл жаттығуда Нариман Курбанов бесінші орын алса, Зейнолла Ыдырысов жетінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды