16 жастағы қазақстандық теннисші қарсыластарын ойсырата жеңіп, Алжирде чемпион атанды

Сурет: ktf.kz
16 жастағы қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Алжирде өткен ITF J60 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz басылымы жазғандай, финалдық матчта қазақстандық спортшы ресейлік Варвара Виноградовамен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті – 5:3, 4:2, 12:10.

Осылайша, Томирис турнирді жеңіп алып, жарысты чемпион атағымен аяқтады.

"Ширек финалда ол франциялық теннисші Леа Касс Котеллонды 5:4, 4:1 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақстандық спортшы румыниялық Айанна Мариамитуға еш мүмкіндік қалдырмай, 4:0, 4:0 есебімен басым түсті", – делінген ақпаратта.

Қазақстандық төрт бірдей боксшы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін