Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

Сурет: j48tennis
27 мамырда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 жастағы Юлия Стародубцева WTA рейтингінде 55-орында тұр. "Ролан Гаррос" басталғанға дейін ол осы төсеніште 17 матч өткізіп, оның 11-інде жеңіске жеткен.

Париждегі турнирде Юлия былтырғы үшінші айналымнан алған ұпайларын қорғап жатыр және бұл жолдағы алғашқы қадамын сенімді бастады. Бірінші айналымда ол ресейлік Анна Блинкованы (WTA рейтингінде 103-орын) 6:3, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Рыбакина мен Стародубцева арасындағы матч Қазақстан уақытымен сағат 16:00-ге жоспарланған.

Биыл French Open турнирінің жүлде қоры – 61 723 000 еуро. Турнир жеңімпазы 2 800 000 еуро мен рейтингтік 2 000 ұпайға ие болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін