Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалында ойнайды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында Франция ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалдық кездесуде Анна сербиялық Александра Круничпен бірге австралиялық-нидерландылық Эллен Перес / Деми Схюрс тандемін екі сетте қапы қалдырды. Тартысты өткен матч 6:4, 7:6 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды.

Енді Үлкен дулыға турнирінің шешуші бәсекесіне шығу үшін Данилина мен Крунич Жапония және Тайвань елінің өкілдері Сюко Аояма / Лян Энь Шо жұбымен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар, Анна Данилина аралас сындағы (микст) бәсекесін аяқтады. 1/4 финалда Данилина мен америкалық Джеймс Трэйси жұбы қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады