Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирдің кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш жүлденің барлығы - қола медаль.

Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркебұлан Ардақов қола медаль үшін өткен белдесуде оңтүстіккореялық Хёнун Чхведен басым түсті.

130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхиді сенімді жеңіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Ал әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова сингапурлық Даниэль Сью Чинг Лимді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақтағы Жәмила Бақбергенова жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Ол қола жүлде үшін күресуі тиіс болған. Алайда федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық балуан жарақат алып, жарыстан шығып қалды.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа саяси жүйесі: Президент конституциялық заңдар топтамасына қол қойды

Дрондар мен авиация тартылып Қазақстан бойынша ауқымды операция басталды

Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелері өзгерді