Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі орта жолдан кілт тоқтатылды

Сурет: Instagram/zhumagulov_zhalgas
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы беделді Oktagon лигасында екінші чемпиондық белбеуге таласта бразилиялық Игор Севериномен кездесті. Алайда орта жолдан тоқтатылған кездесу аяғына жетпей тәмам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы Словакия астанасы Братиславада өткен Oktagon 89 турнирінің басты кездесуінің шымылдығын түрді.  өнер көрсетті. Жеңіл салмақтағы (61,2 келіге дейін) чемпиондық белбеу үшін бес раундқа жоспарланған жекпе-жек орта жолдан тоқтатылды.

Екінші раунд барысында Северино ереже бұзып, қарсыласының шап тұсына соққы жасады. Тыйым салынған соққыдан кейін Жұмағұлов уақытша үзіліс алды. Алайда ол айқасты жалғастыру үшін қажетті уақыт ішінде қалпына келе алмады.

Жекпе-жекті бақылаған дәрігер қазақстандық файтерге кездесуді тоқтатуға кеңес берді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті "өтпеді" деп таныды.

Осылайша екі спортшы да чемпиондық атақтарын сақтап қалды. 

Қазақстан
Еуроодақ
Жұмағұлов Жалғас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты