Қазақстандық гимнаст қыздар Қытайдағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Сурет: olympic.kz
Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық гимнаст қыздар командалық көпсайыста үшінші орынға ие болды.

Біздің құраманың жалпы нәтижесі – 144.462 ұпай. Ел намысын Ева Тациева, Илана Раздыкова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғады.

Алтын медальді Қытай құрамасы (163.563 ұпай) жеңіп алды. Жапония (157.329) екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазақстандық гимнаст қыздар жекелеген жаттығулар бойынша да финалға жолдама алды. Еркін жаттығуларда Ева Тациева мен Ульяна Пухова өнер көрсетеді. Тіреп секіруде Ева Тациева мен Екатерина Лебедь жүлде үшін таласады. Әртүрлі биіктіктегі сырықтағы жаттығулардың финалында Саида Қасымжанова мен Илана Раздыкова бақ сынайды. Ал тепе-теңдік бөренесіндегі жаттығуда Екатерина Лебедь медаль үшін күреседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін