ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа ұйымның атауы "Спортшылар кеңесі" деп аталады. Ал оның құрамындағы спортқа еңбегі сіңген азаматтар саладағы проблемаларды дер кезінде анықтауға және шешуге атсалысуы тиіс.
"Спортшылар кеңесі отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады", делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Жаңа органның құрамына енген атақты қазақстандық спортшылар арасында Ермахан Ыбрайымов, Серік Сәпиев, Ислам Байрамуков, Бақыт Сәрсекбаев, Бақтияр Артаев және басқалар да бар.