Қазақстандық балуандар Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Будапештте (Венгрия) күрес түрлерінен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күні еркін күрестен алты салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының балуандары алты медаль жеңіп алды.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асыл Айтақын финалда Түркия өкілі Толга Озбекті жеңіп, алтын медаль иеленді. Осы салмақта Әділет Әлмұхамедов қола жүлдеге қол жеткізді.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалға дейін жетті. Алайда шешуші белдесуде Қытай балуаны Фэн Луға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қола медальді Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) еншіледі.

Бүгін, 16 шілдеде, бозкілемге еркін күрестен 79, 92, 97 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі балуандар шығады. Сонымен қатар әйелдер күресінің өкілдері де жарысты бастайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы