Александр Шевченко Гштаадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалында тоқтады

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 85-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Шевченкон 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңілді,

Теннисшілер кортта 1 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр төрт эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және өзі иеленген үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Александр Шевченко Швейцариядағы турнирдегі өнерін жартылай финал кезеңінде аяқтады. Соған қарамастан, ол рейтингтік қоржынына қосымша ұпай жинап, ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында 16 сатыға жоғарылайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты