"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Фото: Zakon.kz
26 шілде күні сағат 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының екінші айналымындағы турнир кестесінің көшбасшылары – "Қайрат" пен "Ордабасы" арасында орталық матч өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу қарсаңында стадион қақпалары ойын басталғанға дейін үш сағат бұрын, яғни сағат 16:00-де ашылады. Жанкүйерлер стадионға Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі және Байтұрсынов көшесі жағынан кіре алады.

Ұйымдастырушылар көрермендерге қауіпсіздік тексеруінен кедергісіз өтіп, кезекке тап болмау үшін стадионға ертерек келуге кеңес берді. Матчқа арналған барлық билет толық сатылып кеткен.

"Трибуналарда бірде-бір бос орын қалмайды. Әр дауыс, әр эмоция, әрбір қолдау сәті маңызды. Жеңіске бірге жетейік!" – деп үндеу жасады "Қайрат" клубы өз жанкүйерлеріне.

Ал "Ордабасының" жанкүйерлері де белсенді қолдау көрсетуге дайын. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттен Алматыға бірнеше автобуспен жанкүйер келеді. Олар үшін стадионның 24, 25, 26, 27 және 28-секторларынан орын бөлінген.

Матч өтетін күні қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі мыңнан астам полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері және өзге де қызмет өкілдері жұмылдырылады.

Алматы қаласының полиция департаменті жанкүйерлерді:

"Қайрат" – "Ордабасы" матчы тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты