Фабиан Марожан Алматыдағы ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді

Сурет: ktf.kz
Мажарстанның үздік теннисшілерінің бірі Фабиан Марожан 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 санатындағы халықаралық Almaty Open турниріне қатысатынын растады, дп хабарлайды Zakon.kz.

26 жастағы теннисші қазіргі таңда ATP әлемдік рейтингінде 54-орында тұр. Марожанның мансабындағы ең жоғары көрсеткіші – 36-орын. Ол бұл межеге 2024 жылдың мамыр айында жеткен.

Биылғы маусымда мажарстандық теннисші ATP Tour жарыстарында тұрақты өнер көрсетіп келеді. Жыл басында ол Оклендтегі ATP 250 турнирінің жартылай финалына дейін жетсе, маусым айында Мальоркадағы шөп төсенішіндегі жарыста да осы нәтижесін қайталады. Испаниядағы турнир барысында Марожан үш кездесуінде жеңіске жетіп, жартылай финалда жарыстың болашақ чемпионы Алехандро Давидович-Фокинаға үш сетте есе жіберді.

Almaty Open ATP 250 – дәстүрлі түрде мықты теннисшілердің басын қосатын және ATP Tour ресми күнтізбесіне кіретін халықаралық турнир.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты