Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Сурет: olympic.kz
Қазақстан ұлттық құрамасы көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионатында Қазақстан жекелей бағдарламада да, топтық жаттығуларда да өнер көрсетті.

Қазақстандық гимнастар арасындағы ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол үш финалға жолдама алып, ұршықтармен орындалатын жаттығуда бесінші, жекелей көпсайыста алтыншы және таспамен орындалатын жаттығуда сегізінші орынға ие болды.

Жекелей жарыстар

Ақмарал Ерекешева

Көпсайыс – 6-орын

Ұршық – 5-орын

Таспа – 8-орын

Шығыршық – 42-орын

Доп – 16-орын

Айбота Ертайқызы

Көпсайыс – 24-орын

Ұршық – 15-орын

Таспа – 32-орын

Шығыршық – 10-орын

Доп – 33-орын

Топтық жаттығулар

Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Аида Хәкімжанова

Көпсайыс – 13-орын

5 доп – 13-орын

Үш шеңбер және екі жұп ұршық – 12-орын

Командалық көпсайыста Қазақстан 11-орынға ие болып, үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін