Қазақстан қазіргі бессайыстан Қытайдағы әлем чемпионатын аяқтады

Сурет: olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын бес спортшы қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

А іріктеу тобында Кирилл Стадник 20-орынға ие болды. В тобында Тихон Варёхин 16-орын алса, Темірлан Абдраимов 21-орынға тұрақтады. С тобында Данил Богданов 17-орыннан көрінді, ал Лев Чувашов 18-орын алды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық бессайысшылар жартылай финалға өте алмады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Қазбекова А тобында 21-орынға ие болды. В тобында Юлиана Петрова 27-орын, Ярославна Понер 30-орын алды. Қазақстандық спортшылар бұл кезеңнен де өте алмады.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар эстафеталық жарыстарда да бақ сынады. Ерлер эстафетасында Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды.

Әйелдер эстафетасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова мәреге тоғызыншы болып жетті.

Аралас эстафетада Ярославна Понер мен Кирилл Стадник те тоғызыншы орын алды.

Командалық есепте Қазақстан әйелдер арасында 11-орынға, ерлер арасында 13-орынға орналасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді