Боксшының айтуынша, ол жаздың соңғы айы түгелдей жаттығуға арнаған.
"Тамыз айы да осылай қарапайым өтіп кетті: жаттығу, жаттығу және тағы да жаттығу. Жаттығу. Режим. Тәртіп. Алда қарбалас қыркүйек — маңызды жарыстар күтіп тұр. Мен үшін, біздің ел үшін жұдырықтарыңызды қысып, қолдау білдіріңіздер. Барлық осы жаттығу мен еңбектің нәтижесі жақсы болады деп сенемін", – деп жазды Назым Қызайбай.
Айта кетейік, 2026 жылғы Жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді.