Sportarena.kz басылымының мәліметінше, қазақстандық теннисші матч барысында үш эйс жасап, төрт рет қосарланған қателік жіберді. Ол тоғыз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал оның қарсыласы тоғыз эйс жасап, бес рет қосарланған қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Матч 2 сағат 39 минутқа созылып, қытайлық теннисшінің пайдасына 6:4, 2:6, 6:1 есебімен аяқталды. Келесі айналымда Чжэн Циньвэнь АҚШ өкілі Мэдисон Кизбен кездеседі.
US Open-2026 турнирі Нью-Йоркте 30 тамыздан 13 қыркүйекке дейін өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 49 миллион долларды құрайды.
Жарыстың қазіргі чемпионы – Арина Соболенко. Ол былтырғы турнирдің финалында АҚШ өкілі Аманда Анисимованы жеңген.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Рыбаклинаның US Open турнирінің екінші айналымына шыққаны үшін қанша жүлде алғаны белгілі болды.