Отандастарымыз аралас екілік-каноэде 500 метрге жарыстың А финалында сынға түсті. Қазақстандықтар қашықтықты 1 минут 51.124 секундта еңсерді.
Алтын медальді Қытай өкілдері У Шэнъюэ және Ма Янан жеңіп алды – 1:48.377. Күміс медаль өзбекстандықтар Владлен Денисов пен Нилуфар Зокироваға бұйырды 1:49.674.
Айта кетейік, бұған дейін Стелла Суханова мен Дмитрий Холмогоров жекелей сайыста қола алған еді.