Месси мансабындағы 931-голын соғып, Роналдуға жақындай түсті

Сурет: Instagram/InterMiamiCF
27 қыркүйекте "Интер Майами" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы 931-голын соқты. Ол басты қарсыласы Криштиану Роналдудың көрсеткішіне (979 гол) жету үшін тағы 48 гол соғуы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Флорида клубының капитаны 931-голын MLS чемпионаты аясында "Коламбусқа" қарсы өткен матчта айып добынан соқты.

Алайда бұл гол "Интер Майамиге" көмектеспеді. Команда сырт алаңдағы кездесуде 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтың 28-минутында "Коламбус" шабуылшысы Джозеф Мартинес пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. Арада бес минут өткенде Лионель Месси есепті теңестірді.

Ал алаң иелері төреші қосқан уақытта жеңісті жұлып алды. "Коламбустың" шабуылшысы Джамал Тьяре гол соқты.

Айта кетейік, "Интер Майами" MLS-тегі қатарынан бесінші ойында жеңіске жете алмады. Осы аралықта команда төрт рет тең ойнап, бір рет жеңілді.

Қазір Месси бастаған команда Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 46 ұпаймен үшінші орында тұр.

6 қазанда Лионель Месси өз отанында Аргентина құрамасы сапындағы соңғы матсын өткізеді.

Футбол
Месси Лионель

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін