The Times of India басылымының мәліметінше, болжамды қылмыс 13 қыркүйекте Патиала қаласындағы Нетаджи Субхас атындағы Ұлттық спорт институтының аумағында болған. Спортшы қыз полицияға 18 қыркүйекте арызданған. Аязбаевты іздестіру үшін бірнеше полиция тобы құрылды.
Қазақстан велоспорт федерациясы Аязбаевтың соңғы жылдары Қазақстаннан тыс жерде Үндістан тарапымен келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүргенін, Үндістанның ұлттық құрамасын дайындағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оның Қазақстан құрамасына қатысы жоқ. Федерацияның ақпараты бойынша, Үндістанда қылмыстық іс қозғалған, ал бапкердің қызметі тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылған.
Қазақстан СІМ бұл жағдайдан хабардар екенін хабарлады. Қазақстандық дипломаттар Аязбаевтың туыстарымен байланыста болып, оған консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Ведомство бұл мәселені бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.