Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын 62-минутта шабуылшы Ян Диоманде соқты. Бұл 19 жастағы ойыншының корольдік клуб сапындағы алғашқы дебюттік голы болды.
Бұған дейін хабарланғандай, жазда "Реал" оны немістің "Лейпцигінен" 125 млн еуроға сатып алған болатын.
Диоманде гол соққаннан кейін көп ұзамай мадридтік ұжым азшылықта ойнады. Қонақтардың жартылай қорғаушысы Натан Салибті шашынан ұстаған Винисиус Жуниор алаңнан қуылды.
VAR жүйесін қарағаннан кейін бразилиялыққа қызыл карточка көрсетілді.
Осылайша, "Реал" 18 ұпай жинап, Ла лигада үшінші орынға көтерілді.
"Ла Лигадағы алғашқы голымды қарындасыма арнаймын, ол мәңгілік менің жүрегімде. Жақсы матч болды, бұл жеңіске қуаныштымын. "Бернабеуде" ойнау деген мен үшін әрқашан мақтаныш. Бұл - әлемдегі ең әдемі стадион және ең ұлы клуб. Мұнда ойнағанда ерекше сезімде боламын. Енді УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетуді асыға күтемін", – деді Ян Диоманде.
Айта кетейік, Диоманденің қарындасы Роксана бір жыл бұрын белгісіз біреулер оның сусынына қауіпті зат қосып жібергеннен кейін көз жұмған еді.