Жүзуден елордадағы әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Сурет: olympic.kz
Астанада өтіп жатқан жүзуден әлем кубогының кезеңі аясында екінші жарыс күнінің финалдық сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

50 метрге еркін стильде жүзуден Глеб Коваленя 21,22 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, бесінші орын алды. Осылайша ол таңертеңгі сессияда жасаған рекордын (21,31) жаңартты.

Әділбек Мусин 100 метрді баттерфляй әдісімен 51,32 секундта жүзіп өтіп, жетінші орынға ие болды. Дәл осы жарыста Максим Сказобцов 51,57 секунд нәтижесімен тоғызыншы сатыға жайғасты.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов 2:07,34 уақыт нәтижесімен сегізінші орын алды. 100 метрге кешенді жүзуде Егор Попов 54,68 уақыт көрсеткішін тіркеп, тоғызыншы орыннан көрінді.

Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді баттерфляй әдісімен 59,66 секундта жүзіп өтіп, оныншы орынға табан тіреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

"Жаңбырдың арты қарға ұласады". Алматыда ауа райы күрт бұзылады

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Шымкенттегі дүрбелеңнен кейін Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің уақытын өзгертті

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы