Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды

Сурет: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті
Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Давид Дегтярев 191 келі салмақты бағындырып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты.

Күміс медаль Қытай спортшысы Ян Цзинлянға бұйырса, Индонезия өкілі Хильман қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азия Пара ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды