Пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті
Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз J2 санатында 70 келі салмақта үздік шықты.

Ибрагим финалда өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен тағы екі медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста Алина Солодухина 103 келіні көтеріп, екінші орынға ие болды. Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Осылайша ұлттық құрама қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Давид Дегтяров (54 келіге дейін) пара пауэрлифтингтен алтын алса, Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды