Алматылық "Қайрат" грекиялық "Панатинаикостан" ойсырай ұтылды

Сурет: Zakon.kz
22 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында өткен футбол матчында қазақстандық "Қайрат" өз жанкүйерлері алдында грекиялық "Панатинаикостан" 1:5 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын басталаса салысымен, қонақтар алматылық команданы қыспаққа ала бастады, алтыншы минутта итальяндық жартылай қорғаушы Висенте Таборда Темірлан Анарбековтің қақпасына дәлдеп гол соқты.

Алаң иелері есепті бірден теңестіре алар еді, алайд Марк Гуаль соққан доп грек командасының қақпасынан жоғары ұшты. Көп ұзамай қарсылас команда басымдығын еселей түсті, пенальтиден Сириль Дессерс мүдірмеді.

Үзілістен кейін бірден нигериялық шабуылшы Дессерс дубль авторы атанды. Артынша тағы бір африкалық ойыншы Кингс Кангва "Панатинаикостың" төртінші голын соқты.

75-минутта қонақтар сапындағы македониялық Эльмин Растодер есепті тіпті еселей түсті – 0:5. Кездесу соңына қарай "Қайраттың" талпыныстары ақыры нәтиже беріп, Исмаил Бекболат гол авторы атанды.

Осылайша, Рафаэль Уразбахтиннің командасы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңілісімен бетпе-бет келді. Бір апта бұрын өткен осы турнирдің бірінші турында Қазақстан чемпионы латвиялық "Ригамен" тең түскен болатын (1:1).

Алматылық команда енді 5 қарашада итальяндық "Аталантамен" кездеседі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды