Қазақстан құрамасының Пара Азия ойындарындағы алтын медаль саны 12-ге жетті

Сурет: Instagram/kazparalympics
23 қазанда Қазақстан құрамасының спортшылары Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы В санатындағы тасжол велоспортында Наиль Ермуханбет 65 шақырымдық қашықтықты 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтын медаль иеленді.

Кирилл Илюкевич 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижесімен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасындағы 55 шақырымдық жарыста Анастасия Калаус 2 сағат 5 минут 47 секундта мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Жұлдыз Қайнарова 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды.

Бұдан бөлек, бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы парапауэрлифтингтен 412,09 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Команда сапында Давид Дегтярев, Ерболат Карибай және Станислав Шакиев өнер көрсетті.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 49 медаль бар. Оның 12-сі – алтын, 16-сы – күміс, 21-і – қола.

Еске салайық, V Азия Пара ойындары 24 қазанда аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған