Ненад Лалович Біріккен күрес әлемінің президенті болып қайта сайланды

Сурет: olympic.kz
Ненад Лалович (Сербия) Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлау 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Астанада ұйымдастырылған Конгресс аясында өтті.

Ненад Лалович ұйымды 2014 жылдан бері басқарып келеді. Ал 2013 жылы ол Біріккен күрес стильдері халықаралық федерациясының (FILA) президенті болып сайланған еді. Кейін бұл ұйым Біріккен күрес әлемі (UWW) болып аталды.

2014 жылы ол UWW президенті болып тағайындалып, 2021 жылы жаңа мерзімге қайта сайланды.

Айта кетейік, ертең, 24 қазанда, Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі дода 1 қарашаға дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады