Циципас Almaty Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қазанда өткен ширек финалдық кездесуде әлемдік рейтингте 39-орында тұрған, турнирдің жетінші ракеткасы Циципас ATP рейтингінде 73-орын алатын австралиялық Джеймс Даквортпен кездесті. Матч грек теннисшісінің екі сеттегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Кездесу барысында Циципас өз сервисінде жоғары нәтиже көрсетіп, 15 эйс орындады және бірде-бір қос қателік жіберген жоқ. Оның алғашқы допты ойынға қосу көрсеткіші 80 пайызды құрады. Сонымен қатар, грек теннисшісі алғашқы сервисте ұпайлардың 92 пайызын (37 ұпайдың 34-ін), ал екінші сервисте 67 пайызын (9 ұпайдың 6-ын) жеңіп алды.

Циципас бүкіл матч бойы қарсыласына бірде-бір брейк-пойнт жасауға мүмкіндік берген жоқ. Ал өзі сегіз брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Жалпы кездесуде грек теннисшісі 120 ұпайдың 71-ін (59%) өз еншісіне жазды.

Осылайша, Стефанос Циципас Алматыдағы жарыста сәтті өнер көрсетуін жалғастырып, турнирдің үздік төрт теннисшісінің қатарына енді.

Жартылай финалда ол Грузия өкілі Николоз Басилашвилимен кездеседі. Басилашвили де ширек финалдағы қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады