Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында төртінші орын алды

Сурет: olympic.kz
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Францияның Анже қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы Гран-при кезеңінің алғашқы жарысында қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы бұл кезеңде 80,25 ұпай жинап, 12 қатысушының арасында әзірге төртінші орында тұр.

Қысқа бағдарламадан кейін 102,46 ұпай жинаған француз Адам Сяо Хим Фа көш басына шықты. Эстониялық Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орында тұрса, 83,83 ұпай еншілеген оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Со Мин Гю үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, еркін бағдарлама ертең, 25 қазанда өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты