Бағдат Мусин Қазақстанда YouTube кеңсесін ашуды ұсынды

Cурет: unsplash
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин YouTube-тің өнімдерді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен кездесуде компанияның Қазақстанда жергілікті кеңсесін ашуды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан үкіметінің отырысында ол Силикон алқабында кездесудің қалай өткенін айтып берді. 

"Біз жарты сағатқа жуық уақыт түрлі тақырыпта, соның ішінде түрлі қызмет түрін ашу туралы сөйлестік. Осы кездесуде YouTube вице-президенті Адам Смит Қазақстан пайдаланушылары үшін YouTube премиумының ашылғанын растады. Мен сонымен бірге біздің елде жергілікті өкілдік ашуды ұсындым. Ол Қазақстанды қадағалайтын еуропалық кеңсеге тиісті тапсырма бергенін, олар оны пысықтап, кейін жауап беретінін айтты".Бағдат Мусин

Министр Силикон алқабында YouTube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстанда компанияның түрлі қызметіне қолжетімділікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Бұған дейін Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басшысын тінту туралы қауесетке қатысты пікір білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі