Енді аңшы куәлігін EGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

Сурет: unsplash
Цифрлық аңшы куәлігін eGov Mobile қосымшасында Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәләндыру үшін пайдалануға болады. Электрондық құжат 2023 жылдың қаңтарынан бастап оны рәсімдеген азаматтар үшін қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі "Аңшы куәлігіне" басу қажет. Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың баламасы", делінген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде 11,7 миллионнан астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР аза матының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар.

Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты