Қазақстанда 5-9 мамыр аралығында жылжымайтын мүліктер бойынша қызметтер тоқтатылады

"Азаматтарға арналған үкімет" 5-9 мамыр аралығында порталдағы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшуге қатысты техникалық жұмыстарға байланысты eGov.kz және EGOV Mobile-дағы жылжымайтын мүлік қызметтерін тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізінен мына қызмет түрлері тоқтатылады:

- жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;

- міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру;

- тұрғылықты жері бойынша тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді.

- тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу;

- пәтерді ипотекаға сатып алу кезінде, сондай-ақ кепілдің тоқтатылуы кезінде кепілді рәсімдеу;

- заңды талаптар мен бұғат қою;

- пәтерге тіркелу;

- жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы барлық мәліметтерді сұрау.

"Одан бөлек, бұл күндері eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Барлық басқа мемлекеттік қызметтер қолжетімді болады", делінген хабарламада.

Аталған қызмет түрлерін 5-9 мамыр аралығында ХҚКО-лардан қағаз түрінде алу мүмкін емес екені де ескертіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: