SpaceX жаңа буындағы 56 кішкентай жер серіктен тұратын зымыран тасығышты ұшырды

Сурет: pixabay
4 мамырда АҚШ-тың SpaceX компаниясы Starlink желісіне жататын жаңа буынды 56 кішкентай жер серіктер тобынан тұратын Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды. Бұл - жыл басынан бері компанияның орбитаға шығарған интернет-жер серіктерінің 14-ші партиясы, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Starlink-тің 56 жер серігінің орбитаға жіберілгені расталады", делінген компанияның Twitter-дегі парақшасында.

Зымыран Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан жергілікті уақыт бойынша 03:31-де ұшырылды. Falcon 9-дың бірінші бөлігі ұшыру сәтінен шамамен 8,5 минут өткеннен кейін Атлант мұхиты бетіндегі платформаға түсті.

Starlink желісі Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ететін, салмағы 260 келі болатын көптеген аппараттардан тұрады. SpaceX бағамы бойынша, жалпы 11 мың жер серікті ұшыру және оларды қолданысқа шығару 10 млрд долларды құрайды.


Компанияның мәліметінше, ол 5G стандартына сәйкес келетін 1 Гбит/с жылдамдықпен кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ете алады. 2019 жылдың мамырынан бастап SpaceX 3,8 мыңнан астам Starlink жер жер серіктерін орбитаға шығарды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты