SpaceX пен NASA Халықаралық ғарыш стансасына төрт елдің ғарышкерін аттандырды

Әлемнің төрт елі мен ғарыш агенттіктері атынан төрт ғарышкер SpaceX зымыранымен Халықаралық ғарыш станциясына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың миссиясы алты айдан астам уақытқа созылады деп болжанады, деп жазады CNN.

Экипаж Crew-7 атауына ие SpaceX Crew Dragon Endurance капсуласында ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі Флоридадағы Кеннеди қаласындағы NASA ғарыш орталығынан SpaceX Falcon 9 зымыранымен ұшырылды.

Ғарышқа аттанған төрт ғарышкер қатарында миссия командирі болып табылатын NASA өкілі Жасмин Могбели; Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі, даниялық астронавт Андреас Могенсен; Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің (JAXA) қызметкері Сатоси Фурукава және "Роскосмос" атынан ресейлік ғарышкер Константин Борисов те бар.

Орбитаға жеткен бойда Crew Dragon капсуласы Falcon 9 зымыранынан бөлініп шығып, өзі жалғыз ғарыш сапарын бастайды. Ғарыш кемесі Жер бетінен шамамен 420 шақырым биіктікте айналып тұрған ғарыш станциясына мұқият жақындау үшін 24 сағаттан астам уақыт жұмсайды.

Экипаж ғарыш станциясына 27 тамызда шығыс уақыты бойынша таңғы сағат 8:39 шамасында (Астана бойынша 19:39) жетеді деп күтіледі. 

Бортта болған Могбели, Могенсен, Фурукава және Борисов орбиталық зертханадағы жеті ғарышкерге барып қосылатыны да нақтыланады.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: