Apple жарты ғасырлық тарихы бар дыбыс жазушы компанияны сатып алды

Сурет: freepik
Apple компаниясы жарты ғасырлық тарихы бар дыбыс жазушы BIS Records компаниясын сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы компанияның сайтында оның негізін қалаушы Роберт фон Бэр хабарлады.

Бұл Apple компаниясының наурыз айында 5 миллионнан астам композицияны қамтитын Apple Music Classical қосымшасын қолданысқа енгізуімен байланысты болуы мүмкін.

BIS Records Apple Music Classical қосымшасына және Apple жаңа таланттар мен контент жасаушыларды қолдау үшін сатып алған Platoon компаниясына  кіріктіріледі деп болжанады. 

Бэр өзінің және BIS-тің өзге де қызметкерлерінің Apple компаниясы сапында қала беретіндерін растады. Аталған жайт Apple-нің музыка индустриясында бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп, классикалық музыка нарығын игеруге бағытталған күш-жігерін танытады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды