Министрліктің 2023 жылы 27 желтоқсандағы хабарламасында соңғы уақытта ұялы байланыс операторларының тариф бағаларын көтеруі қоғамда белсенді талқыланып жатқаны, ЦДИАӨМ-ге ұялы байланыс операторларының тарифтері бағасының өсуіне қатысты көптеген шағым түскені айтылады.
"Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ведомствоның жылдық қорытынды брифингісінде бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтерінің тарифтеріне қатысты мемлекеттік реттеу жойылғанын хабарлады. Яғни, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Байланыс қызметтеріне тарифтерді ұялы байланыс операторлары негізделген шығындар есебінен дербес белгілейді. Сондай-ақ азаматтарға ұялы байланыс қызметтерінің бағасының өсуіне қатысы өтінішті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберу ұсынылады. Айта кетерлігі, Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі бұзушылықты бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған", делінген хабарламада.
Осыған байланысты, ЦДИАӨМ тарифтердің қамбаттылығына қатысты тергеу жүргізілген жағдайда, министрлік уәкілетті орган ретінде агенттікке тиісті сараптамалық қорытынды беруге дайын екенін мәлімдейді.
Сондай-ақ БАҚ-та "соңғы жылдары операторлардың байланыс саласына құйған инвестицияларының азайғандығы" туралы ақпарат тарады.
"Мысалы, 2021 жылы инвестиция көлемі 20%-ға, ал 2022 жылы 30%-ға азайған" делінген. Алайда, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында байланыс және ақпарат саласына салынған инвестициялар көлемі 373 768 573 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі сомадан үш есеге артық". ЦДИӨМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2023 жылдың шілдесінде Қазақстанда ұялы байланыс операторларының тамыздан бастап тарифтер бағасын көтеретіні белгілі болды. Тарифтік жоспарлар құнының өзгеруі туралы өз сайттарында тиісті хабарламаларды орналастыру арқылы "Қазақтелеком", (Activ.kz), Tele2, Alltel және Beeline хабарлады.